Абай облысыБілімҚоғамМәдениетСемейТОП

Семейде «Абай, Мұхтар мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты әдеби–квест өтті

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтің туған күніне арналған «Абай, Мұхтар мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» атты әдеби–квест ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әдеби-квестке облыстың мемлекеттік қызметшілерінен құралған:

Абай облысының қоғамдық даму басқармасының «Алау», Ветеринария басқармасының «Ертістің еркелері», Семей қаласы полиция басқармасының «Алғабас» және Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Самғау» командалары қатысып, бақ сынасты.

Әдеби-квест ережесіне сәйкес командалар Хакім Абай Құнанбайұлы мен кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы және Абайдың Жидебай -Бөрілі қорық музейі туралы тапсырмалардан құралған 10 бекеттен өтті.

Әдеби-квесттің қазылық еткен әділқазылардың шешімімен “Алау” командасы жетекшісі Айдар Садырбаев бастаған мемлекеттік қызметкерлер Бас жүлдеге лайықты деп танылса, жүлделі І орында “Самғау” командасы иеленді, ІІ орынды “Ертістің еркелері” командасы қанжығасына байлап, ІІІ орынды “Алғабас” командасы алды.

Командалар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button