Абай облысыҚоғамТОПТуризм

Алакөлде туризмнен 1 млрд теңге салық түседі деп отырмыз – әкім

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Jibek Joly телеарнасының эфиріндегі Ерболат Мұхамеджанның «Уәде» бағдарламасында Алакөлде туризмді дамыту туралы айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Туризмге келсек, ол біздің Алакөл. Қазір онда 300-ден астам база жұмыс істеп жатыр. Алакөлдегі туризмді дамыта түсу үшін бизнес өкілдерімен кездесіп, жол картасын әзірледік. Дегенмен салық төмен, былтыр Алакөлдегі туризмнен түскен салық 18 млн теңге. Өте аз. Ал жыл соңына дейін Алакөлдегі туризмнен 1 млрд теңге салық түседі деп күтіп отырмыз», – деді Нұрлан Ұранхаев сұхбат барысында.

Әкімнің айтуынша, салық көлемін арттыруда туризмдегі бизнес өкілдеріне үміт артып отыр.

«Алакөлдің суы мен қатар балшығы да пайдалы. Одан балшық курортын ашуға болады», – дейді ол.

Бұған дейін Абай облысының әкімі биылғы бюджет туралы сөз еткен еді. 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button