
Риддер қаласында 2021 жылғы 23 мамырда 5 рейд жүргізілді. Мониторингтік топ 72 нысанды тексерді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Курчатов қаласында 28 кәсіпкерлік нысаны тексерілді, бұзушылықтар жоқ.
Бородулиха ауданында мамыр айы бойынша Жезкент кентінде қоғамдық орындарда маскалық режімді бұзғаны үшін жалпы сомасы 131 мың теңгені құрайтын үш айыппұл салынды. Сонымен қатар оқшауланған байланыста болған тұлғаларғы және маскалық режімді сақтауға тексерулер жүргізілді. Тексеру барысында оқшаулану режімін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сондай-ақ, санитарлық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Абай, Аягөз, Зайсан, Глубокое және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News.