Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейдегі Әуезов даңғылы кеңейеді

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев болашақта қаланың бас жоспарына сәйкес жол қозғалысын реттеу үшін Әуезов даңғылын Алматы тас жолына дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл ретте, қазір осы даңғылда жөндеу жұмыстары және жылу желілері ауыстырылып жатыр.

– Біз ауыстырған бұл құбырлардың барлығының қалыңдығы небәрі 3 мм болды, яғни олар жоғары қысымға төтеп бере алмау мүмкін. Бұл ғана емес, өткен жылы құбырлар жарылып, су аға бастады біз, жөндеу жұмыстарын жүргізу қиындықтар болушы еді. Себебі дәнекерлеуге келмейді. Сондықтан біз оны ауыстырдық. Құбырлар қосылған жерлер бернеше рет тексеріледі. Сапа үшін алаңдамаңыздар, – деп атап өтті аймақ басшысы.

-Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мердігер кәсіпорын өз қаражаты есебінен аллеяны бұрынғыдай 100% қалпына толықтай келтіреді. Қазір біз Семей қаласының бас жоспарын дайындап жатырмыз. Мұхтар Әуезов даңғылын жоғары қарай Алматы тас жолына дейін ұзартуды қарастырып жатырмыз. Заң шеңберінде жерлер мемлекет иелігіне өтеді. Иелеріне өтемақы төленеді, тегін алмаймыз,-деп қорытындылады облыс әкімі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button