ҚазақстанҚоғамСпортТОП

МЕЙІРЖАН ШЕРМАХАНБЕТ – ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кілемге шықты.

Тартысты өткен белдесу барысында Мейіржан медициналық көмекке де жүгінді.

Ақыры 4:3 есебімен жапондық балуан жеңіске жетсе, Мейіржан Шермаханбетке күміс бұйырды.

Тағы бір қазақстандық Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде солтүстіккореялық Ри Се Унге 1:2 есебімен жол берді.

Айта кету керек, бұл XIX жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының он бірінші күміс медалі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button