Семейдегі «Теплокоммунэнерго» МКК-ға жаңа басшы келді
Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Семей қаласының “Теплокоммунэнерго” МКК басшысы лауазымына ЕРКЕН ЗАМАНБЕКҰЛЫ САҒАНДЫҚОВ тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Еркен Заманбекұлы Сағандықов – 1968 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Алтай қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1991 жылы Семей қаласындағы «Семей-Центрбанк» ААҚ филиалында бағдарламашы лауазымынан бастап, кейіннен 2008 жылға дейінгі уақытта банк саласында және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.
2008 жылдан бастап, 14 жылдан астам уақыт бойы «Семей Водоканал» МКК-ның басшылығында, яғни 2011 жылға дейін оңалту басқарушысы, ал 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін кәсіпорынның директоры болды.
Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл.
Semeynews.kz