
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері “Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы” № 349 бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылған балалар тобын тасымалдау бойынша қызмет көрсететін автобустарды тексереді. Тексеру барысында тасымалдаушы пайдаланатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі, олардың жоғарыда көрсетілген Қағидалардың талаптарына сәйкес жинақталуы, нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Жүргізілген тексеруден кейін тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саптық бөлімшелердің қызметкерлері автобусты межелі жерге дейін алып жүруді жүзеге асырады.
Жыл басынан бері әкімшілік полиция қызметкерлері 70-тен астам автобусты тексерді. Нәтижесінде түрлі себептермен 11 автобусқа ұйымдасқан балалар тобын тасымалдауға рұқсат берілмеді.
Semey News