Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысының Бесқарағай ауданында ауылішілік жолдар жөнделуде

Бесқарағай ауданында Жыланды, Қарабас, Өндіріс ауылындағы кірме жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл мақсаттарға 251,8 млн теңге қаражат бөлінді. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес іске асып отыр.

Еске салсақ, құрылыс ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілген.

Сондай-ақ, жолдарды қысқы кезеңге дайындау бағытында жасалып жатқан шаралар да аз емес. Яғни, тас жолдар бойын тегістеу және шөптерді шабу, жаңа жол белгілерін орнату. Бұл шаралардың барлығы қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button