Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысында түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Абай облысында түрме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ҚАЖ департаментінің №20 мекеме жедел бөлім қызметкерлері, аумақтық сыртқы периметрді бақылау барысында, мекеменің жедел бөлімінің және 5511 Ұлттық гвардия қызметкерлері бірлесе отырып тыйым салынған затты лақтырмақ болған азаматты ұстады.

Семей қаласы тұрғынын жеке тексеру барысында 1 скотч жапсырамсына оратылған орама табылды. Орамадан қара түсті, LG GX 500 телефоны, 1 құлаққабы, 1 қуаттандырғыш тоғы тәркіленді. Әңгіме барысында Семей қаласының тұрғыны сотталғанға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

– Сотталғандардың қамқор туыстары ескертулер мен түсіндірулерді ескерместен тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге тырысады. Енді Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жазаға тартылады, – деп атап өтті жедел бөлім қызметкері Әділет Нұрланұлы Кулатаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button