Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде тоғыз қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың суреті салынып жатыр

Бұл Семей қаласындағы алғашқы қабырға суреті емес. Бұдан бөлек осы жылы 8 көпқабатты үйдің қабырғалары мен жер асты өткелдеріне муралдар салынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салынған суреттер қаланың сыртқы келбетіне ерекше әсер қосады.

Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен Народная 33 мекенжайындағы 9 қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың суретін салу шешімі шығарылған болатын.
Эскиз авторы – Шалқар Ақанов, ал суретті салуға алматылық мердігер ұйым тартылды.

Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша, муралды салу жұмыстары қазан айының алғашқы жартысында толығымен аяқталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button