Абай облысыДенсаулықҚоғамТОП

Абай облысында қазан айынан бастап тұмауға қарсы вакцинация басталды

Қазіргі таңда жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанушылық бойынша Абай облысындағы жағдай тұрақты. Бұл туралы Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Айгүл Тоқтабаеваның мәлімдеуінше, өткен аптада ЖРВИ-нің 1130 жағдайы тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 176,94 құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 58,4% – ға жоғары.

Өткен эпидемиологиялық маусымда маусымдық тұмаудың 95 жағдайы тіркеліп, тұмаудың екі түрі бойынша В 65,2% (62 жағдай) және А вирусы (H1N1) 34,7% (33 жағдай) басым болды.

Бүгінгі таңда ЖРВИ және тұмау бойынша жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық іс-шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты 2023 жылдың 2 қазанынан-қарашасына дейін өңірдің барлық аумағында тұмауға қарсы вакцинациядан өтуге шақырады. Вакцинация аумақтық медициналық ұйымдарының егу пункттерінде қолжетімді болады.

Облыста құрамында А (H1N1) PDM 09, A (H3N2) және В вирусының тазартылған антигендері бар, консервантсыз ресейлік “Гриппол плюс” вакцинасының 65 мың дозасы бар.

– Тұмау және COVID-19 сыңды тыныс алу жолдарының инфекцияларының таралуын болдырмауда қолды жуу, бетперде кию және әлеуметтік қашықтық ұстану сияқты қарапайым алдын-алу шараларын сақтану өте маңызды болмақ. Бұл қоғамдық денсаулықты сақтау үшін аса қажет, – деп атап өтті № 9 емхананың бас дәрігері Найля Альменева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button