Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде «Баршаға арналған спорт» жобасының кезекті маусымы аяқталды

Маусым айының соңынан бері Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Баршаға арналған спорт» жобасы іске асырылған болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл жобаның негізі мақсаты – қала тұрғындарын жас ерекшеліктеріне қарамай спортқа, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

«Баршаға арналған спорт» жобасы аясында, «Йога», «Кроссфит», «Зумба», «Жүгіру», «Скандинавиялық серуендеу» және т.б. спорт түрлері кеңінен насихатталып, қала тұрғындары тегін қатысуға мүмкіндік алды.

“Бұл жоба тікелей қала әкімі Нұрбол Төлегенұлының ұсынысымен жүзеге асты. Келесі жылы аталмыш жоба жаңаша форматта өз жалғасын табатын болатын. Халықтың спорттық шараға қызығушылығы жоғары”,- деді спорт бөлімінің жетекшісі Бауыржан Дюсенбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button