ҚазақстанТОП
Шығыста өткінші жаңбыр жауады – Қазгидромет
Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында ғана өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлады Қазгидромет.

– Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді. Батыс және оңтүстік аймақта шаңды дауыл соғады. Ал солтүстікте түн мезгілінде тұман түседі, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ мамандардың айтуынша, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарында өрт қаупі жоғары болады.
Semey News



