Абай облысының кәсіпкері Францияда жеңімпаз атанды

2023 жылғы қыркүй айында Франция мемлекетінің Тур қаласында «Le Mondial du Fromage» халықаралық ірімшік байқауы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұл осы саладағы Еуропадағы ең беделді байқау, онда әртүрлі елдердің өндірушілері өз өнімдерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік алады.
Сайыста 68 мемлекет өз өнімін ұсынды, оның ішінде Абай облысының кәсіпкері Екатерина Паязитова да бар. Мыңдаған өнімдердің ішінде кәсіпкердің «Mulatto» ірімшігі күміс медаль, ал «Patisson» мен «Amorelli» сорттары қола медаль алды.
Сондай-ақ, Екатерина Паязитова сыр гильдиясының құрметті мүшесі атағына ие болды. Бұл гильдия жеке ірімшік өндірушілердің бірлескен жобасы. Осы мақсатта, Екатерина өзінің цехын кеңейтіп, Абай облысында ірімшікті өндіруді дамытуды жоспарлап отыр.
Semeynews.kz