Абай облысыҚоғамСемейТКШТОП
Семейде Красный Кордон және Зағиптар қоғамы ауданында орталықтандырылған су құбыры тартылады
Құрылыс-монтаж жұмыстарын бақылау аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков пен облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Жандос Қайырханов Красный Кордон және Зағиптар қоғамы ауданындағы су құбыры желілерінің құрылыс нысандарын аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жобада аудан аумағында су құбыры желісін салу және түрғын үйлерге дейін жеткізу қарастырылған.
Құбыры желісінің жалпы ұзындығы 90 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін 2800-ден астам тұрғын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі.
Айта кетсек, бұл жоба «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаны жүзеге асыру 2023-2024 жылдарға жоспарланған.
Semeynews.kz