ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 10 мамырында Өскемен қалалық ПБ қызметкерлері патрульдеу барысында үйлердің бірінің ауласында отырған 20 жастағы жергілікті тұрғын назарға ілікті. Оны тексеру барысында қолдан жасалған кастетке ұқсас зат табылды.
Жауап алу кезінде ұсталған адам бұл затты өзі жасағанын түсіндірді.
Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат соққы-ұсақтау әрекеті бар суық қару болып табылады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News