СемейТОП

Полицейлердің төмен түсуге көндіруі еленбеді

28 жастағы азамат көпірге көтеріліп, полицейлердің түсуге көндіруін еленбеді.

Семейде «102» пультіне жергілікті тұрғыннан көпірдің аспалы құрылымына ер адам көтерілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел келген полиция қызметкерлері хабарламаны растады.

Бұл ақпарат дереу Абай облысы ТЖ департаментінің құтқару бөлімшелеріне берілді.

Полицейлер құтқарушылар келгенге дейін жас жігітпен келіссөздер жүргізді.

ТЖД қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді.

Қазіргі уақытта облыстың 28 жастағы тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жеткізілді, онымен мамандар жұмыс жүргізуде.

Мұндай әрекеттің себептері анықталуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button