Абай гарнизонының әскери қызметшілер қарттарды құттықтады
«Қарттар күні» қарсаңында Абай өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласындағы қарттар үйіне барды. Әскери қызметшілер концерттік бағдарлама және кішігірім сыйлықтарымен келген.
Әскерилер қарттар үйінде әрдайым сыйлы қонақтар, себебі Отан қорғаушылармен кездесуді осы мекемеде қызмет алатын қарттарымызда асыға күтуде. Осы жолы да қарттарға көңіл бөліп келген әскерилер өздерінің аттарынан концерттік бағдарламамен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған. Гарнизондық офицерлер үйінің көркем өнерпаздары сан алуан күй, жігерлі билер және жан дауысты әндерін тарту етіп, қарттарды шаттыққа бөледі.
-Қарттарымызды назарсыз қалдырмауға тырысамыз, осы сәтте барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйладық деген үміттеміз, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Ақмарал Ахметжанова.
Өз кезегінде қарттар үйінің басшылығы әскери қызметкерлерге деген разылығын білдіріп, қарттарға деген сый-құрметтері үшін алғысын жеткізді.
Шара соңында қарттар үйінің қарамағындағы қарияларға кішігірім сый-сияпаттар тасбыталды.
Semeynews.kz