Денсаулық сақтау

29 қыркүйек Дүниежүзілік отоларинголог күні

Оториноларингология өзара байланысты ЛОР мүшелерінің (құлақ, тамақ, мұрын) қалыпты және патологиялық жағдайларын зерттейді. Осы органдардың толық жұмыс істеуінің арқасында адам тыныс алып және ести алады.
ЛОР мүшелерінің аурулары балалар мен ересектерге де жиі кездеседі. Абай облысында қазірдің өзінде 2500-ден астам адам диспансерлік есепте тұрса, оның 1000-ге жуығы балалар. Бұл ауруларға құлақтың және мастоидтық процестің аурулары, ринит, фарингит, синусит және т.б. жатады.
Алайда, адамдар жиі өзін-өзі емдеп, дер кезінде дәрігерге жүгіне бермейді. Бұл аурудың асқынуына алып келеді және одан да күрделі емдеуді қажет етуі мүмкін.
«Есту, мұрын және тамақ мүшелері біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, жүйелі түрде тексерістен өтіп тұрған дұрыс. ЛОР мүшелерінің ауруларын жедел қызметке жүгіну (жедел қан кету аурулары) және тұрғылықты жері бойынша емханаға жоспарлы түрде бару қажет болған кезде (созылмалы патологиямен есепте тұрған науқастар) жедел ауру ретінде бөліп қарастыруға болады», – деді оториноларинголог, «Семей медицина университеті» ҚЕАҚ дәрігері Рахымбаев Мерей.
Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі қазіргі заманғы емдеу әдістерін, мысалы, аз инвазивті процедураларды пайдалана отырып, жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетеді. Айта кетейік, перзентханада жаңа туған нәрестелердің барлығы міндетті түрде аудиологиялық скринингтен өтуі керек. Бұл жаңа туған нәрестелер мен жас балалардағы есту қабілетінің бұзылуын анықтаудың жалғыз және тиімді әдісі.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді жағы көп. Мысалы, сақтандыру аясында қымбат диагностикалық сынақтардан (ПЭТ, коронарлық ангиография және т.б.), жоғары технологиялық операциялардан өтуге болады. Мысалы, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жоқ есту аппараттары Қазақстанда 5 миллион теңгеден асады. Қаржыландыруды ұлғайту бізге медицина сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға көмектеседі», – деп атап өтті оториноларинголог.
Оториноларингологтардың еңбегіне ризашылығымыз бен құрметімізді білдіріп, есту, мұрын, тамақ мүшелеріміздің денсаулығына қамқорлық жасайық!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button