ӘлемҚазақстанҚоғамТОП

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

президент
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

президент,
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button