Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Спорттық гимнастикадан ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы Нариман Құрбанов қола жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз 15.100 балл жинады. Алтын медаль тайпейлік Ли ЧИ-Кайға (15.500 балл), ал күміс жүлдені жапондық Рета Цумура (15.166 балл) иеленді.
Еске салсақ, бүгін ел құрамасы қоржынына екі алтын медаль түсті.
Алдымен Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында чемпион атанды.
Одан кейін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медаль жеңіп алды.
Semeynews.kz