Абай облысыҚоғамТағайындауларТОП

Абай облысының мемлекеттік қызмет департаментіне жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев жұмыс сапарымен Абай облысына келді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс активімен кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңалықтар, мемлекеттік орган жұмысындағы рәсімдерді жеңілдету, мемлекеттік қызметтерді көрсетуді және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда резервке қатысуға 350-ге жуық адам өтініш берген.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, Президенттік жастар кадрлық резервінің басты мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастыру. Сондықтан да біздің басты міндетіміз – мемлекеттік басқару саласына білікті де білімді жастарды дайындап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі арттыру», – деді жиында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Биыл кандидаттарды іріктеу: инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп және сауда саясаты, ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестиция, экономикалық және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам бағытында жүргізіліп жатыр. Қорытынды нәтижесінде резервке 50 үміткер іріктеледі. Жеңімпаздар 2023 жылдың желтоқсан айында белгілі болады.

Сондай-ақ жиында агенттік саладағы тиімділік пен қызмет көрсетуді арттыруға бағытталған кешенді жұмыстары туралы ақпарат берді. Негізгі инновациялық қадамдардың бірі цифрландыруды енгізу. Мысалы, электронды іс жүргізуге ыңғайлы және персоналды басқарудағы бизнес-процестерді оңтайландыруға арналған E-Qyzmet порталы жаңғыртылды.

Кездесуде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облыстық филиалы департаментіне жаңа басшысы болып Нұрлан Дәулетқалиев тағайындалды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button