Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМСТОП

Арманым – ана болу!

Бедеулік – бүкіл әлемде миллиондаған адамдарға әсер ететін ерлер немесе әйелдердің ұрпақсыз болуына әкелетін күрделі ауру.

Қазіргі уақытта Қазақстанда көмекші репродуктивті технологияларды дамытуға көп көңіл бөлінуде. Ал ЭКҰ процедурасы бедеулікті жеңудің ең тиімді әдісі болып саналады. Көптеген ерлі-зайыптыларға қалаған жүктілікке қол жеткізу үшін бірнеше процедуралар қажет. Мәселен, Абай облысының Облыстық перинаталдық орталында МӘМС аясында ЭКҰ-ға квота алуға мүмкіндік береді.

«Перинаталдық орталыққа жүгінген кезде науқастар арнайы тізім бойынша тексеруден өтеді. Содан кейін мен акушер-гинеколог ретінде науқастардың МӘМС критерийлеріне сәйкестігін тексеремін. Ал комиссиядан өткеннен кейін ғана науқас ЭКҰ клиникасына порталда тіркеледі. Циклдің 2-ші күні пациент емханада болуы керек, онда ол гормондармен аналық безді тексеруден өтеді. 2 аптадан кейін жүктілік сынағы жасалады, оң нәтиже анықталса, ультрадыбыстық тексеріс тағайындалады. Жүктілік бойынша науқас тіркеледі», – дейді акушер-гинеколог Лаура Түленбергенова.

⚡️Осылайша, Аягөз қаласының 31-жастағы тұрғыны облыстық перинаталдық орталыққа жүгінген. Диагноз: біріншілік түтік бедеулігі. Науқас 4 жыл бойы бала көтере алмаған. Сауалнамадан кейін ерлі-зайыптылар МӘМС аясында ЭКҰ процедурасына кезекке тұрды. Содан кейін олар Астанадағы емханаға жіберілді. Біраз уақыттан кейін эмбрионды ауыстыру жүзеге асырылды. Екі аптадан кейін науқас тест тапсырды және оң нәтиже алды. Науқас жүктіліктің 7-ші аптасында және тұрғылықты жері бойынша емханада бақылауды жалғастырады.

⚡️Семей қаласынан келген ерлі-зайыптылар да өздері аңсаған оң нәтижеге қол жеткізді. Барлық қажетті тексерулерден өткен ерлі-зайыптылар экоклиникаға жіберіліп, жасанды ұрықтандыру процесі басталды. Осыдан кейін эмбриондарды тасымалдау процедурасы орындалды. Қалған эмбриондарды сақтау үшін олар мұздатылған. Қазіргі уақытта науқас өз емханасында тіркеуде.

Қазақстанда экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасы медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыру аясында жүзеге асырылады. Квота алу үшін пациенттер сақтандырылуы керек.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button