ҚазақстанМирСпортТОП

Хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жеңді

Латвия астанасы Ригада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан хоккей құрамасы екінші кездесуінде қазіргі әлем чемпионы Финляндия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Екінші кезеңнің 33-минутында финляндиялық Антон Лунделль есеп ашса, оған 35-минутта Кирилл Панюков бір шайбамен жауап қайтарды.

 

Үшінші кезеңде және овертаймда командалар жеңісті голды қақпаға дарыта алмады. Матч тағдыры буллит сериясында ғана шешілді. Осылайша, бұған дейін төрт мәрте финляндиялықтардан жеңіліп тауып келген хоккейшілеріміз бұл жолы 2-1 есебімен жеңіске жетті.

 

Қазақстан командасы алғашқы матчта Латвиямен кездесіп, буллит сериясы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткені туралы бұған дейін де хабарлаған едік.

 

Қазақстандық хоккейшілер енді 25 мамырда АҚШ құрамасымен кездесетінін айта кетейік.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button