2023 жылғы 27-28 қыркүйек күндері жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Семей қаласындағы аспалы көпірде көлік қозғалысы шектеледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрметті Семей қаласының тұрғындары!
Жол төсемін қалпына келтіру бойынша аспалы көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты, қаланың сол жағалауынан оң жағалауға қарай қозғалыс 27 қыркүйек сағат 14:00-ден 28 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін шектелетінін ескертеміз.
Қозғалыстың шектелуіне байланысты баратын бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды өтінеміз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Semeynews.kz