Қаладағы жедел жәрдем ауруханасында МӘМС жүйесінде сақтандырылған 61 жастағы науқасқа селективті тромболизбен аспирациялық тромбоэктомия сәтті жасалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Шұғыл операцияны эндоваскулярлық рентген хирургиясы бөлімінің интервенциялық кардиологтары Жақсебергенов Т.М. және Орехов А.Ю. гибридті операциялық бөлмені пайдалану арқылы жасады.
«Дәрігерлер Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне науқас келесі шағымдармен жеткізілгенін айтты: ентігу, тіпті аз физикалық жүктеме кезінде ентігу байқалған, сонымен қатар қан аралас жөтел пайда болған. Анамнез кезінде әйелде 3 күн бойы ентігу ұстамасы болғаны анықталды. Оның арқасы мен оң жақ балтыр бұлшық еті ісініп кеткен. Науқас мультидисциплинарлы топта тексерілгеннен кейін контрастпен кеуде қуысының томографиясы тағайындалып, медициналық тексеру нәтижесінде оған екі жақты субмассивті өкпе эмболиясы диагнозы қойылды», – дейді аритмолог-кардиолог Тимур Жақсебергенов.
«Диагноз қойылғаннан кейін науқас шұғыл түрде ангиопульмонографияға гибридті операция бөлмесіне ауыстырылды. Дәрігерлер селективті тромболизбен аспирациялық тромбоэктомия жасады. Операциядан кейін науқастың ентігу айтарлықтай азайып, жағдайы айтарлықтай жақсарды. Бір аптадан кейін ол амбулаторлық ем алу үшін қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды», – деп қосты кардиолог.
Өкпе эмболиясы ең ауыр жедел тамыр ауруларының бірі болып табылады.
Semeynews.kz