Абай облысының Жарма ауданында өндірілген өнім көлемі 27 млрд теңгені құрайды
2023 жылы Жарма аудандағы ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай оң нәтиже көрсетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
* Ірі қара мал саны 102 241 басты құрады.
* Аймақта 49 мыңнан астам жылқы, 236 мыңнан астам қой-ешкі бар.
2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Шалабай ауылдық округінің «Диана» шаруа қожалығын электрмен жабдықтау үшін 44,6 млн теңге қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.
Мал шаруашылығын дамыту үшін 221 шаруашылыққа 456,9 млн теңге көлемінде субсидия төленді. «Іскер» бағдарламасы шеңберінде Аграрлық несие корпорациясы арқылы 174 млн теңгенің 31 жобасы қабылданып, қаржыландырылды.
Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарының меншігінде жалпы көлемі 83 798 га егістік жер бар. Ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2026 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2023 жылы 37 900 га жерді игеру жоспарланып, жер көлемі 37 913 га жетті. Оның 25 448 га ерте көктемде егілген түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарына, 12 465 га жер көпжылдық жайылымға арналған.
Ерте көктемде егілген 25 448 гектардың ішінде:12 176 га дәнді дақылдар, 7 458 га майлы дақылдар, 5 556 га мал азығы дақылдары, 156 га картоп, 81 га көкөніс және 21 га бақша дақылдары болып табылады. Сондай-ақ, жаз айларында 6,0 мың га жер қосымша егуге дайындалды.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта егіс алқабының 70% егілді, бұл 8564 га дәнді дақылды құрайды.
Биылғы қыстауға 213,7 мың тонна шөп дайындау жоспарланса, бүгінде оның 77% дайын, бұл 165,0 мың тоннаны құрайды.
Semeynews.kz