Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Бүгін Семейдің ең үздік әуесқой шахматшылары анықталады

Турнир бас серіктес Freedom Broker қолдауымен жүзеге асып жатқан «Шахмат керуені» республикалық жобасының аясында өтіп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жоба өңірлерде шахмат қозғалысын дамыту мақсатында қолға алынған. Семей – осыған дейін Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды, Павлодарды аралаған керуен жолындағы алтыншы қала.

Әкімдік алдындағы орталық алаңда керуеннің келуіне арналған салтанатты шара болды.

«Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Біз алғашқылардың бірі боп Ұлы Жібек жолын жалғастырдық. Ел бойынша 14 мың шақырым жол жүріп, әр облыс орталығын аралаймыз. Шахматтан жеткен жетістіктеріміз халықаралық аренада үлкен танымалдылыққа ие боп келе жатыр. Сол үшін де енді аймақтардың қолдауын сезінгіміз келеді. Ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту үдерісіне тек шахматшылар ғана емес, барша жұртшылық, кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері атсалысқаны біз үшін өте маңызды. Өйткені, шахмат қарапайым спорт түрі ғана емес. Оны мектепте оқыту арқылы біз балаларымыздың дамуына қосымша серпін береміз. Мұны растайтын айқын мысалдар да бар», – деді салтанатты шарада Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко.

Керуеннің келуі аясында Абай облысында Қазақстан шахмат федерациясының филиалы ашылды. Оның төрағасы болып Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов сайланды.

Қазір орталық алаңдағы мобильді киіз үйде шахматтан турнир болып жатыр. Сондай-ақ мұнда гроссмейстермен бір реттік ойын сеансы ұйымдастырылады. Облыстық кезеңнің жеңімпаздары сағат 15.00-де белгілі болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button