Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Семейде үйлену той кезінде жол қозғалысын өрескел бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Семей қаласы ПБ Жедел басқару орталығының камералары үйлену кортежінің құрамында “LADA”, “TOYOTA” және “HYNDAI” маркалы машиналардың қатысуымен орын алған ЖҚЕ бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, автокөлік жүргізушілері әкімшілік кодекстің 5 бабы бойынша, оның ішінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану, жолаушыларды тасымалдау ережелерін, маневр жасау ережелерін бұзғаны, авариялық жағдай туғызғаны және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Нәтижесінде аталған құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 16 хаттама толтырылды. Бұзушыларға жалпы сомасы 160 989 мың теңгеге көлемінде айыппұл салынды.

Көліктер айыппұл тұрағына орналастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button