Абай облысының тұрғынынан заңсыз сақталған жауынгерлік патрондар тәркіленді
Абай облысының полицейлері Жарма ауданында жергілікті 38 жастағы тұрғынының үйінен заңсыз сақталған жауынгерлік 8 патрондарды тәркіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сСот-баллистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, азаматтық, аңшылық тегіс ұңғылы атыс қаруына оқ-дәрілер болып табылатын 410 калибрлі 4 патрон, 2 патрон 9,18 мм калибрлі оқ-дәрілер, мылтық атыс қаруы, Макаров конструкциясының тапаншасы (ПМ), автоматты атыс қаруы үшін Стечкин конструкциясының тапаншасы (АПС), ПП-90 пулемет тапаншасы, “Кобальт” револьвері арналға оқ-дәрі. 2 патрон-7,62х39 мм калибрлі мылтықты атыс қаруына арналған оқ-дәрілер, мылтықты аңшылық, азаматтық, атыс қаруынан атуға арналған. Патрондар зауыттық тәсілмен жасалған және оқ атуға жарамды.
Анықтау кезінде ер адам патрондар марқұм туысынан қалғанын айтты.
“Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semeynews.kz