Семей қаласында көмір қоры жеткілікті
Алдын ала болжам бойынша алдағы жылу маусымына Семей қаласына 260 000 тонна көмір қажет, – деп хабарлайды Semeynews.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Көмірмен уақытылы қамтамасыз ету үшін «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» АҚ-мен бірлесіп, шахтадан көмірді уақытылы жеткізу үшін вагондар күнделікті тасымалдауда.
Көмірді жеткізуді келесі ұйымдар жүзеге асырады:
– «Жігер» ЖШС – 28 500 тонна көмір жеткізілді. 1 тонна көмірдің құны – 12700 теңге. Көмірді Көкентау тас жолы, 1 км. және Шығыс кенті (6 саяжай) аумағында сатылады.
– «Семей Көмір» ЖШС- нен “72 квартал” аумағында сатып алуға болады. Құны – 12500 теңге, көлік қызметтерін ескере отырып, көмірдің құны- 14000 теңгені құрайды.
«Соңғы тәулікте ауа райы жаңбырлы болып тұрса да, көмір қоры Семей қаласына тұрақты түрде жеткізілуде. Қала тұрғындарын жылу беру маусымы басталғанға дейін көмір сатып алуға шақырамын. Күн суыта салысымен кезек көбеюі әбден мүмкін. Қазіргі таңда қатты отынды тасымалдаумен Семей қаласында 2 көмір тасымалдаушы кәсіпорын айналысады”, – деді ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Арман Токпаков.
Айта кетейік, қазіргі уақытта көмірге деген үлкен сұраныс және ұзын-сонар кезек жоқ. Теміржол тұйықтарында жоспарға сәйкес, күніне тұрақты түрде 5-9 вагон көмір қоры тасымалданып жатыр.
Semeynews.kz