«Салауат» жастар қоғамдық бірлестігі Семейдегі колледж студенттерімен кездесу өткізді
«Абай облысы дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Салауат» жастар қоғамдық бірлестігі “Отбасы күні” форумы аясында Семей қаласындағы «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК, «Көлік колледжі» КМҚМ, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттерімен “Отбасы құндылықтары” тақырыбында кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кездесуді ақын Бауыржан Игілік, Қазақстан әйелдер күші альянсының мүшесі Жақан Марал, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ филология факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының PhD докторы Аубакирова Қарлығаш жүргізді. Жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында өткен кездесулерде, студенттерге отбасы құндылықтары, салт-дәстүрлердің маңыздылығы, сыйластық жайлы дәріс оқылды. Жастар тарапынан аға ұрпаққа сауалдар қойылып, тың жауаптар алынды.
Semeynews.kz