Семейде алғаш рет «Бір ауыл-бір өнім» жәрмеңкесі өтті
«Мен Кәсіпкер» кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында Семейде «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңке-көрмесі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру.
Жобаның ерекшелігі жәрмеңкеге тек кәсіпкер әйелдер қатысады. Жәрмеңкеге 15 қатысушы қатысып, жергілікті шикізаттан жасалған түрлі өнімдерді ұсынды.
Көрмеде тігін, киіз және жүннен жасалған бұйымдар, ойыншық, киім, көмір, сабын, тұрмыстық химия өнімдері, қымыздан жасалған балмұздақ және тағы басқа тауарлар қойылды.
Мұндай бастама жергілікті кәсіпкерлерді дамытумен қатар, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өз кезегінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
Semeynews.kz