ҚазақстанҚоғамТағайындауларТОП

Айдын Кәрімов Шымкент әкімінің орынбасары болды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Айдын Кәрімов тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ қаржы-экономика академиясында және MNU (Maqsut Narikbayev university) университетінде білім алған.

Еңбек жолында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау» РМК-да, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да, «Телекоммуникациялар саласындағы техникалық сүйемелдеу орталығы» РМК-да, Астана және Семей қалалары әкімінің аппараттарында қызмет еткен.

2012-2016 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің (қазіргі ҚР Сауда және интеграция министрлігі) Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, директорының орынбасары болып еңбек етті.

2016-2017 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2017-2019 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі – ҚР Премьер-Министрінің хаттама шефі, сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2019 жылғы 7 қарашада Премьер-Министрдің өкімімен Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2022 -2023 жылдары Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» Орденімен (2020 ж.), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2014 ж.), медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button