Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОП

Абай облысы тұрғынынан заңсыз сақталған атыс қаруы тәркіленді

Абай ауданында полицейлер заңсыз сақталған атыс қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметініің хабарлауынша, 2023 жылдың 27 тамызында Абай ауданының полицейлеріне қыстақ иелерінің бірі мылтық қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Тінту барысында Абай ауданындағы қыстақтардың бірінің 63 жастағы иесінен жайылымнан мылтық табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат Тула қару-жарақ зауытында 1956 жылы шығарылған, “ТОЗ-8” моделінің 5,6 мм калибрлі мылтығы болып табылады, оның зауыттық нөмірі қабылдағышта және ысырмада жазылған мылтық атыс қаруы.

Ұсынылған түрде бұл мылтық 5,6 мм калибрлі сақиналы тұтану патрондарымен оқ атуға жарамды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі «Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button