
Ағымдағы жылы Семей қаласына қарасты ауылдар мен кенттерде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Демалыс күндері Шульбинск кентінде балалар футбол және воркаут алаңдарының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Ашылу салтанатына орай футболдан достық кездесу ұйымдастырылып, Семей қаласына қарасты ауылдардың спортшылары бақ сынасты. Сондай-ақ, қазан айында Шульбинск кентінде жабық спорт нысаны қоғам игілігіне берілетін болады.
Айта кетейік, воркаут алаңы биыл 10 ауылда бой көтерді.
Semeynews.kz