Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан турнир өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан спорттық сайыс өткізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат ойынын насихаттау.

Турнир нәтижесі бойынша ерлер арасында жүлделі І орынды Искаков Ринат Мұратұлы иеленді. Ал әйелдер арасында І орын иегері Оралбаева Гүлнұр Ерболатқызы атанды.

Аса қырағылық пен алғырлықты қажет ететін спорт түрінен жеңіске жеткен жүлдегерлер мақтау қағаздары мен медальдармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button