Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде дәстүрлі садақ атудан спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті

Шараны Абай облысының дәстүрлі садақ ату федерациясы және «Алаш мергендері» клубы бірлесе ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің «Дін мен дәстүр» бағытының мамандары ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сайысқа Астана қаласының дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті Диас Ахметов төрешілік етеді.

Қатысушылар 60 метр қашықтыққа Жамбы ату бойынша ерлер мен әйелдер арасында мергендік шеберліктерін сынайды.

Дін мен дәстүрді ұштастырған жүлдегерлерге алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталатын болады.

Айта кетейік, 24 қыркүйек күні аймақтық спартакиаданың жартылай финалы мен финалдық кезеңі өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button