Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП

Абай облысы Ақсуат ауданында күзгі егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Бүгінде Ақсуат ауданында 760 га дәнді дақылдар жиналды, оның 400 га бидай, 360 га арпа, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауданда күзгі егін жинау және мал азығын дайындау жұмыстарына 3 комбайн мен 9 картоп қазғыш, 3 көкөніс жинайтын машина, 427 түрлі маркалы трактор, 93 шөп шабатын, 73 тырма, 65 стогомет, 104 трактор тіркемесі жұмылдырылған.

Бұл алқаптардан жиналған өнімді шаруа қожалықтары малға жем ретінде пайдаланады. 225 га картоп алқабының 63 га өнімі жиналып алынып, әр гектарынан орташа түсім 220-230 центнерден болып, 1440 тонна өнім алынды. 167 га көкөніс алқабынан 123 га өнім жиналып, жалпы 3075 тонна өнім жиналды. 150 га бақша дақылдарынан орташа түсім 400 центнерден болып, 6000 тонна өнім жиналды.

Қысқа дайындық үшін Ақсуат өңіріне 126 мың 100 тонна кесек мал азығын дайындау қажет. Қазір ауданда 103 500 тонна астық жиналды. Барлық ауылдық округтерде қыстауға азық-түлік дайындау жұмыстары қызу жалғасып жатыр. Бір тонна шөптің құны орташа есеппен 50-60 мың теңге, бір орам шөп 10-12 мың теңге, ал бір буманы 1200-1500 теңгеге сатып алуға болады.

Жалпы, Ақсуат өңірінде ауа райының қолайлы күндерін белсенді пайдалана отырып, күзгі астық жинау науқанына дайындық және қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын сапалы аяқтау көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button