Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде 37 көшеде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

2023 жылға жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 40 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Шарт «Семей механикалық зауыты» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласы әкімдігінің деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда асфальттау жұмыстары Рысқұлов, Докучаев, Жангелдин, Тұрғанбаев, Московская және тағы басқа 37 көшеде аяқталған.

Сондай-ақ, базар маңындағы көшелерде борттық тастарды бөлшектеу және монтаждау, Найманбаев көшесіндегі тротуарларды орнату жұмыстары жүргізілуде.

“Биыл жол жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылы әлеуметтік нысандар мен мектептерге баратын жолдарға аса назар аудардық. Сондай-ақ, бұрын асфальт жабыны мүлде болмаған жерлерде, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Осы айдың соңына дейін жол жөндеу жұмыстары толық аяқталады”,- деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Семей қаласына қарасты Жарқын, Қыземшек, Верхнее-Березовский, Кіші Ақтөбе, Шаған сынды 5 ауылдың кірме жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button