Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында ардагерлер бас қосты

Әскери сала ардагерлері ұйымдарының төрағалары гарнизондық офицерлер үйінде бас қосты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық қорғаныс істері департаменті ұйымдастырған шарада ақсақал қауымының алға қойған жоспарлары талқыланды. Айталық, әскери патриоттық тәрбиені арттыру мақсатында мектеп оқушылары арасында тағылымға толы шараларды ұйымдастыру жайы да дөңгелек үстелде сөз болды. Қарулы күштердің, ауған соғысының, тәжік-ауған соғысының ардагерлері,  облыстық және қалалық деңгейдегі Чернобль еріктілері  бірлестігінің  ардагерлері  әрбір шараға  ұйымдастырудағы олқылықтар мен ерекшеліктерге сонымен қатар жауапкершіліктің де аза зор екендігіне баса мән берді. Қызу талқыға толы жиында  Таулы Карабах қақтығысының ардагерлер ұйымының төрағасы да төбе танытты.

Алқалы отырыста өзек болған келелі тақырып қорғаныс істері департаментінің бір жылда атқарған жұмысына арналды. Облыстық департаменттің небары бір жыл ішінде едәуір шараға мұрындық болғаны баян етілді.

  • Айталық, 2022  жылмен салыстырғанда әскерге шақырылушылардың  саны едәуір артқан. Мысалға өткен жылы 1300 азамат  әскер қатарына шақырылса, ал биыл 1400-ден астам жанды мерзімді әскери қызметін өткеруге шақыру жоспарлануда. Сондай-ақ алдағы уақытта да атқарар ілкімді істердің саны жетерлік, – дейді Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button