Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Семейде колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған такси жүргізушісі жауапқа тартылды

Семейде колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған такси жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласында №19 мекемеге 40 жастағы азамат тыйым салынған затты өткізбек болған. Сәлемдемелерді тексеріп кіргізуге арналған бөлмеде мекеме қызметкерлері Яшкино рулетінің ішіне жасырылған Samsung телефоны мен қуаттағыш тәркіледі.

Белгілі болғандай, тыйым салынған заттарды кіргізбек болған заң бұзушы азамат – такси жүргізушісі. Ол сәлемдемені есірткі тасымалдағаны үшін 11 жылға сотталған азаматқа жеткізбек болған.

Аталған азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік жаза қолданылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button