Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Абай ауданында «Кедергісіз келешек» жобасы жүйелі жүзеге асып жатыр

2023 жылы Абай ауданында «Кедергісіз келешек» жобасы аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту жоспарын жүзеге асыру мақсатында 11 нысанды бейімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгінде 7 нысан бейімделді, бұл 63,6% құрайды:

  1. Құндызды ауылдық округінің «Спорт кешені»;
    «Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия интернаты»;
    3. «Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
    4. «Абай орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;
    5. «Абай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    6. «М.Әуезов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
    7. «Шәкір Әбенов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі.

Бұдан бөлек тағы 4 әлеуметтік нысанды бейімдеу жоспарланған. Мекемелердің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді, онда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге арналған қажетті шаралар қарастырылған. Жұмыс 2023 жылдың 20 қазанына дейін аяқталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button