Абай облысыҚоғамҚылмысТОП

Абай облысында мал ұрлығы ашылды

Абай облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысатын 20 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бесқарағай ауданының аумағында 20 жастағы жергілікті тұрғынның мал ұрлаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат алды.

Ақпаратты тексеру барысында Беген ауылының маңындағы жолда автокөлік ұсталды, көлік құралын тексеру барысында багаж бөлімінде сол күні еркін жайылымнан ұрланған сиырдың тұтас еті табылды. Шығын 500 000 теңгені құрады.

​Атаған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button