Абай облысыҚоғамҚылмысСемейТОП

Абай облысының тұрғынынан марихуана тәркіленді

Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері есірткіге қарсы күреске бағытталған іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлер үйде есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту кезінде 48 жастағы ер адамның үйінен өсімдік тектес, ерекше иісі бар полиэтилен пакет табылды .

Аталған факті ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелген. Полиция тәркіленген затты сараптамаға жіберді, оның нәтижелері бойынша оның «марихуана» есірткі заты екендігі анықталды, салмағы шамамен 40 грамм.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Абай облысының полицейлері азаматтарға есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер Сіздерде есірткіні заңсыз сақтау және сату фактілері туралы ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button