Абай облысыҚоғамСемейТОП

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Семейдегі дағдарыс орталығында болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Семей қаласына жұмыс сапарымен келді. Бірнеше нысандарды аралаған вице-министр тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін жаңадан ашылған дағдарыс орталығының ұжымымен де кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Біздің уақытымыз бәрімізге белгілі бір міндеттемелер жүктесе де, үйдегі әйелдер мен өз балаларына күш қолдану жағдайлары әлі де бар.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы өте қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдермен жұмыс істейді.

Орталыққа арнайы келген Олжас Ордабаев дағдарыс орталықтарының басты міндеті-әйелдерге сенімділікті арттыруға көмектесуге және ертеңгі күні қорқынышсыз, жақсылыққа үмітпен қарауға болатынын көрсету екенін атап өтті.

  • Біздің басты міндетіміз – осындай дағдарыс орталықтарындағы отбасыларды тұрақты даму траекториясына шығару: жалақыға, жұмысқа орналасуға көмектесу. Сонымен қоса балаларды балабақшаға немесе мектепке орналастыруда мәселесі болса, соғанда көмектесуіміз керек. Негізгі міндет – өте қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар үшін құтқару шеңбері. Орталық енді ғана ашылды, мұнда балалар үшін де, олардың аналары үшін де жағдай бар. Әрине, мұндай орталықтардағы контингент ең аз болады деп үміттенеміз. Алайда халық егер біреу қиын өмірлік жағдайға тап болса, оған әрқашан баратын жер бар екенін және оған көмектесетінін білуі керек, – деді Олжас Ордабаев.

Дағдарыс орталығының директоры Назым Шакабаева қазіргі уақытта орталықта 9 отбасы бар екенін, олардың кейбіреулері еліміздің басқа облыстарынан екенін атап өтті. Өкінішке орай, зардап шеккендер көбі тұрмыстық зорлық – зомбылықтың құрбандары. Бұл ретте, Назым Шакабаева, зорлық – зомбылыққа барған үй отағасының көп бөлігі біз ойлағандай маскүнем емес, құмар ойындарға тәуелді жандар екендігімен бөлісті.

Мұндай адам орасан зор ақшаны жоғалтқаннан кейін үйіне оралып, жазықсыз отырған үйдегілердің берекесін кетіреді. Артынша ажырасу, стерске түсу, қиындықпен бетпе – бет келу сынды оқиғаларға тап болады. Мұндай жағдайға дағдарыс орталығындағылар көмектесуге дайын, бұл үшін қажет нәрсенің бәрі бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button