Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейге жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы “УК ЮНИС” ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жеңіл өнеркәсіп халық күнделікті қолданатын қарапайым киім-кешектен бастап, мектеп формасын, күштік құрылым қызметкерлерінің қызметтік киімдерін тігумен айналысады. Өнеркәсіп саласында 30 жылға жуық жұмыс істейтін фабрика бүгінде 50-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Әйтсе де, кәсіпорын директоры Келенцов Юрийдің айтуынша, тігін цехында еңбек қолының жетіспеушілігі бар.

Бұл мәселе төңірегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев өндіріс базасында қысқа мерзімді оқыту жүйесін енгізу арқылы шешім табатындығын атап өтті.

– “УК ЮНИС” кәсіпорнының алдағы уақытта өндірістік қуаттылығын арттыруға әлеуеті бар. Бұған жаңа тапсырыстар қабылдау арқылы қол жеткізіледі. Тігін цехында кадр жетіспеушілігін шешу үшін осы кәсіпорынның базасында қысқа мерзімді оқыту өткізу туралы директормен келісім жасадық. Осы өнеркәсіп базасында оқыған еңбекке қабілетті жандарды жұмысқа орналастыру бойынша да жұмыстар қарастырылатын болады, – деді Олжас Ордабаев.

Қазіргі таңда мекеме Абай облысы бойынша шұлық және трикотаж бұйымдарын шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button