
Instagram парақшасында қала басшысы, мамыр айының басынан бастап короновирус инфекциясымен және пневманиямен ауырғандардың саны өсуде деп хабарлады.
«Ауырудың белгілері анықталған кезде тұрғындар өзін-өзі емдейді, бұл орта есеппен алғанда 5 – 12 күнге созылады. Осы уақыт аралығында адамдардың жұмысқа және қонаққа барулары да кездеседі. Сондықтан, сіздерден, дене қызуы, жөтел сынды алғашқы белгілері пайда болғанда емдеу мекемелеріне жүгінуді және жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды сұраймыз. Біздің қауіпсіздігіміз көбінде өзімізге байланысты», – деп кеңес берді Н.Сақтағанов.
Әкімнің айтуынша, сырқаттанушылықтың өсуіне қарапайым санитарлық ережелерді сақтамай, адам саны көп жиналатын отбасылық, еске және басқада шараларды өткізу ықпал етеді.
«Міне дәл осы жағдайда, сырқаттану тез өсіп жатқанда, біз қарапайым ережелерді, өзін-өзі оқшаулауды, маска киюді және гигиеналық талаптары сақтауымыз керек», – деп санайды қала басшысы.
«Вакцинация – бұл вирустың таралуын азайтудың жалғыз әдісі. Барлық қала тұрғындарын вакцина алуға шақырамыз, екпе алудан бас тартпаңыздар. Қаланың медициналық мекемелерінде вакцина саны жеткілікті. Тек осылай біз ең аз шектеулі өмірге орала аламыз», – деп қорытындылады Н.Сақтағанов.
Semey News