ҚазақстанҚоғамТОП

Алматыда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді – Тоқаев

Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біздің аймақтың күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе – Ауғанстан. Ол тұрақты, өркендеген мемлекетке және сенімді сауда серіктесіне айналуы керек. Осы орайда Алматыда Орталық Азия және Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын ашатын уақыт келді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығын біздің осы бастамамызды қолдауға шақырамын», – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Орталық Азия елдерімен көпжақты ынтымақтасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

«Біздің аймақ халықаралық қауымдастықтың «біртұтас әрі дербес» бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ дамудың жаһандық процестеріне өз үлесін қоса алады. Бақытымызға орай, экономикалық белсенділік артып келеді. Соңғы 5 жылда өңір ішіндегі тауар айналымы екі есе өсіп, 10 миллиард долларды құрады», – деп нәтижелерге тоқталды Мемлекет басшысы.

Бұған қоса Президент БҰҰ залына жиналған мемлекет басшылары адамзаттың болашағына жауапты екенін баса айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі геосаяси жағдайларға қарамастан біздің қоғам мен Үкімет Әділетті Қазақстан құрып жатқанын атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button