Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысы Қарауыл ауылында жаяу жүргіншілер жолы төселді
Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылының Тоқтамыс көшесіне 1,5 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жобаны қабылдауға және жүзеге асыруға жергілікті тұрғындар бастамашы болды.
Мердігер «Tabs Qurylys» ЖШС-гі 2 айдың ішінде жаяу жүргіншілер жолының құрылысын аяқтады. Бүгінде тротуар тұрғындар игілігіне беріліп, ауыл инфрақұрылымының маңызды элементіне айналды.
Бұдан бөлек, Абай ауданына қарасты Қарауыл, Саржал және Көкбай ауылында жалпы ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын бес көшенің жолына жаңадан асфальт төселді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған бұл жобаның мақсаты – мектеп, балабақша, колледж және т.б. маңызды әлеуметтік нысандарға баратын жолмен қамтамасыз ету.
Semeynews.kz